Токиодағы ХҒТО-ның 80-отырысы: Қазақстанның ғылымдағы халықаралық ынтымақтастық стратегиясы

Токиодағы ХҒТО-ның 80-отырысы: Қазақстанның ғылымдағы халықаралық ынтымақтастық стратегиясы

Токиодағы ХҒТО-ның 80-отырысы: Қазақстанның ғылымдағы халықаралық ынтымақтастық стратегиясы

25 тамыз күні Токиода Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының (ХҒТО) Басқарушылар кеңесінің 80-отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан делегациясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жетекшілігімен қатысты.

Өткен онжылдықта Қазақстанда ХҒТО аясында 50-ден астам жоба іске асырылып, 1 500-ден астам ғалыммен сарапшы тартылды, жалпы қаржыландыру көлемі 100 млн АҚШ долларынан асты. ISTC портфелінде әлемнің 100 елінен 76 000-нан астам ғалым қатысқан 4 500-ден астам жоба бар.

Жиын барысында ХҒТО қызметін дамыту және жаңарту мәселелері талқыланды. Министр Саясат Нұрбек Қазақстандағы ғылымды дамыту стратегиясын халықаралық ынтымақтастық тұрғысынан таныстырды. Министр жетекші шетелдік университеттермен серіктестіктің, олардың филиалдарын ашудың, бірлескен ғылыми орталықтар құрудың және кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан өзін жаңа ғылыми серіктестіктер мен құзырет орталықтары үшін платформа ретінде ұстанады. Біздің стратегиямыз әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен ғылыми мектептерді құруға, олардың филиалдарын ашуға және жаңа буын ғалымдарын даярлауға бағытталған. Мұндай қадамдар ұлттық ғылымды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялауға және оның жаһандық ынтымақтастықтағы рөлін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың қазан айында Алматыда ХҒТО ұйымдастыруымен биоқауіпсіздік және биоқауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтетіні хабарланды. Конференция биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзекті сын-қатерлерді талқылаудың, халықаралық тәжірибе алмасудың және жаңа әріптестіктер орнатудың маңызды алаңына айналады.