МАГИСТРАТУРА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

МАГИСТРАТУРА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

МАГИСТРАТУРА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның жұмысы аяқталғанын хабарлайды.

Республикалық комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды.

Биылғы жылы конкурсқа қатысу үшін 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары».

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 23 тамыз күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
https://t.me/SayasatNurbek  
https://www.facebook.com/sayasat
https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
https://sayasatnurbek.com/

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk  
https://t.me/gylym_jogary_bilim
https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim  
https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:
https://t.me/uto92
https://www.instagram.com/testcenterkz/
https://www.facebook.com/testcenterkz

 

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.