ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ХАБЫНА АЙНАЛДЫ

ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ХАБЫНА АЙНАЛДЫ

ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ХАБЫНА АЙНАЛДЫ

Қозыбаев университеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен, сондай-ақ өңірлік атқарушы органдар және бизнес-қоғамдастықпен белсенді өзара байланыс орнатып, елдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастырады. Университет алдында еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау және ел экономикасын дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды іске асыру бойынша стратегиялық міндет тұр.

ЖОО-да Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен жұмыс берушілер және стейкхолдерлермен диалог алаңы өтті. Кездесу барысында тараптар жоғары білім беруді дамыту және университеттерді зерттеу орталығына айналдыру бастамаларын талқылады.

Министр елімізде жоғары білім беру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде:

«2025 жылы Қозыбаев университетінің ғылыми-зерттеу қызметінен түскен табысы 1,3 млрд теңгені құрайды. Бүгінде университетте әлемнің 14 елінен келген студенттер оқиды. Сондай-ақ Аризона университетімен (АҚШ) стратегиялық серіктестік жобасы маңызды рөл атқарады. Айталық, 4 жыл ішінде бірлескен бағдарламалар бойынша Қазақстан, АҚШ, Ресей және басқа елдерден 1 200-ге жуық студент оқуға түсті. Жақында университет Eurostar Overseas Education Consultancy (Түркия) компаниясымен келісімге қол қойды, бұл жыл сайын 100-ге жуық түрік студентін тартуға мүмкіндік береді. Университетте күкіртті полимерлеу және қайта өңдеу, қазақстандық флора мен фаунаның геномикасы, су ресурстарын зерттеу, агрономия, білім мен технологиялар трансфері сынды басым бағыттар бойынша 20-дан астам ғылыми жоба іске асырылып жатыр, оның ішінде АҚШ және Қытай ғалымдарымен бірлескен жобалар бар», – деді.

Кездесу барысында Raduga KDR атқарушы директоры Петр Шарапаев бірлескен Инжинирингтік орталықтың жобасын ұсынды және білім беру бағдарламасын кәсіпорынды басқаруға беру жоспарланып отырғанын хабарлады. «ЭталонАгроХим» ЖШС директоры Руслан Өтебай мен ЖОО басшылығы өңірдің агроөнеркәсіптік кешені үшін ғылым мен бизнестің даму жолдарын талқылады.

Айта кетейік, Қозыбаев университеті топырақтың, өсімдіктердің, жемшөптің, сүт және басқа да өнімдердің сапасын бақылаудың толық циклін қамтамасыз ететін заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа агроаналитика зертханасын ашты. Зертхана топырақ құнарлылығын сақтау, жемшөп базасын жақсартуға, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, серіктестер университеттің инфрақұрылымын жақсартуға, зертханалар, спорт ғимараттарын, демалыс аймақтарын және т.б. құруға қатысады.

2024 жылы Қозыбаев университеті өңір кәсіпорындары үшін индустриялық PhD даярлауға және дуальды оқыту жүйесін енгізуге кірісті. Осы бастама аясында университет қазірдің өзінде ірі жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнатты. Мәселен, ағымдағы жылы «Севказэнерго» АҚ-ның 39 және 46 жастағы екі қызметкері ЖОО-да жеделдетілген бағдарлама бойынша оқуды бастады және екі жыл ішінде жоғары білім ала алады. Алдағы уақытта сұранысқа ие кадрларды бірлесіп даярлау үшін Солтүстік Қазақстанның негізгі кәсіпорындарын біріктіретін индустриялық кеңес құру жоспарланған.

Қозыбаев университеті – өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға қабілетті ғылыми және білім беру бастамаларының негізі.