ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Халықаралық «Panterra» компаниясының бас директоры Роб Уортингтонмен кездесті.
Саясат Нұрбек министрлік жоғары білім мен ғылым жүйесін нығайтуға бағытталған реформаларды белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сол бастамалардың бірі – Орталық Азияда ғылыми-зерттеу академиялық хабын құру жобасы. Кездесу барысында ол ведомствоның қызметімен таныстырып, Қазақстанның аймақтық академиялық орталыққа айналып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар тараптар «Study in Kazakhstan» бастамасы аясындағы мүмкіндіктерді талқылап, ынтымақтастықтың келешегін қарастырды.