Қазақстан мен Ресейдің ғылым және жоғары білім министрлері білім беру серіктестігінің дамуын талқылады

28 шілдеде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің ресейлік әріптесі Валерий Фальковпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустиннің Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетіне сапары аясында өтті.

Келіссөздер барысында Саясат Нұрбек жоғары білім саласындағы бірлескен жобалардың стратегиялық маңыздылығын, Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын ашу Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру ынтымақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, филиал сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейтеді, шекара маңы өңірлерінің жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сондай-ақ тараптар екі ел экономикасының мүддесі үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ академиялық алмасу, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер мәселелерін қоса алғанда, студенттерді қолдаудың ықтимал тетіктерін талқылады.