Батырхан Төлеуғали ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел қоржынына бесінші медальді түсірді.
Таеквандо жарысында қазақстандық спортшы қола медальға қол жеткізді.
80 келі салмақта сынға түскен Батырхан Төлеуғали жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 5 қола медаль бар.