Қазақстан құрамасы жазғы Универсиадада үшінші медалға қол жеткізді

Қазақстан құрамасы жазғы Универсиадада үшінші медалға қол жеткізді

Қазақстан құрамасы жазғы Универсиадада үшінші медалға қол жеткізді

🥉 Германиядағы ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Нодира Ахмедова қола медаль жеңіп алды.

Таеквандо жарысында Нодира Ахмедова қытайлық спортшымен кездесіп, қарсыласынан басым түсе алмады. Нәтижесінде үшінші орынға жайғасып, қола медальдің иегері атанды.

Еске салайық, бұған дейін көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таеквандодан Дамир Шуленов үшінші орынды иеленіп, ел қоржынына екі қола медаль әкелген болатын.