Сенатор Ақтөбе өңірлік университетіндегі ғылыми жобалармен танысты

Сенатор Ақтөбе өңірлік университетіндегі ғылыми жобалармен танысты

Сенатор Ақтөбе өңірлік университетіндегі ғылыми жобалармен танысты

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Нұғманов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұжымымен кездесті.

Мақсат – профессор-оқытушылар құрамымен пікір алмасу, жоғары білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетімен танысу.

Оқу ордасының Басқарма Төрағасы – Ректоры Лаура Қарабасова соңғы үш жылдағы негізгі жетістіктерді баяндап, білім сапасын арттыру, халықаралық серіктестікті нығайту, кәсіпкерлік экожүйе және ғылыми-инновациялық жобалар бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерін таныстырды.

Сенат депутаты Амангелді Нұғманов Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларына сәйкес өңірлік университеттердің рөлін арттыру, жас ғалымдарды қолдау қажет екенін атап өтіп, университет базасында аймақтық білім және инновациялық хаб құру сынды ұсынысын білдірді.

Кездесуден соң делегация мүшелері университеттің Heriot-Watt кампусын, Инновациялық технологиялар паркін, Жастар үйін, ғылыми кітапхананы аралап, талапкерлерді Қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.

Сенаторға ЦАИП жобасы аясында жүзеге асып жатқан ғылыми-инновациялық бастамалар да таныстырылды. Атап айтқанда, техногенді қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жаңа технологиялар әзірленіп, нәтижесінде металлургия, материалтану және экология бағытында 3 жаңа зертхана құрылуда. Бұл зертханалар ғылыми зерттеулер жүргізумен қатар, өндіріс пен университет арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді.