ҚазҰПУ-да студенттер жаңа Minor бағдарламасы бойынша білім алады

ҚазҰПУ-да студенттер жаңа Minor бағдарламасы бойынша білім алады

ҚазҰПУ-да студенттер жаңа Minor бағдарламасы бойынша білім алады

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері 2025-2026 оқу жылында «Заң мен тәртіп» жаңа Minor бағдарламасы бойынша білім алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде:

«Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет», – деп атап өткен болатын.

Президент қойған міндетті орындау мақсатында оқу ордасында жаңа бағдарлама іске қосылды.

Аталған бағдарлама студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

Бүгінгі таңда жастардың бойында заңды құрметтеу мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну мәдениетін орнықтыру – білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі.

«Заң мен тәртіп» Minor бағдарламасы университеттің барлық білім беру бағдарламалары аясында енгізіледі.

Бұл бастама пәнаралық құзыреттер мен ұлттық негіздегі құқықтық білім берудің мазмұнын тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жастардың құқықтық және этикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оларды заманауи құқықтық кеңістікте жүйелі әрекет етуге бейімдейді.