Абай университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

Абай университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

Абай университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова келді. Сапар барысында депутат университеттегі қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, ұжыммен кездесті.

Депутат Екатерина Смолякова Лотарингия филиалының қызметімен, атап айтқанда, талапкерлерді қабылдау барысымен, аталған филиалға деген сұраныс деңгейімен және факультеттер бойынша қабылдау үдерісімен танысты. Студенттерді жатақханамен қамту мәселесі мен оны шешу мақсатында құрылған «Ахуалды орталықтың» жұмысы да назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар депутат оқу орындарына инклюзивті білім беру талаптарын сақтау, ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге жағдай жасау, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, цифрлық қабылдау жүйелерін жетілдіру сынды мәселелерге де ерекше назар аудару қажет екенін жеткізді.

Өз сөзінде Екатерина Смолякова бүгінгі басты міндет – мектеп үшін сапалы мұғалімдерді дайындау екенін айтты.

«Білікті мамандардың көп болуы – ел болашағының жарқын кепілі. Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы Абай атындағы ҚазҰПУ осындай кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға белсенді қатысады деп сенеміз», – деді депутат.

Сапар барысында Екатерина Смолякова қабылдау комиссиясының жұмысын жоғары бағалап, талапкерлерге сапалы әрі жедел қызмет көрсететініне сенім білдірді.