Депутаттар Kozybayev University жобалары және инфрақұрылымымен танысты

Депутаттар Kozybayev University жобалары және инфрақұрылымымен танысты

Депутаттар Kozybayev University жобалары және инфрақұрылымымен танысты

Қозыбаев университетіне ҚР Парламентінің депутаттары Ольга Перепечина, Әсем Рахметова, Дмитрий Колода және Еркебұлан Мәмбетов келді. Кездесу барысында университеттің халықаралық әріптестігі, қос дипломды білім беру бағдарламалары, инновациялық ғылыми жобалары және заманауи инфрақұрылымды дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жетістіктері мен бастамалары таныстырылды.

Қозыбаев университеті Американың беделді жоғары оқу орны – Аризона университетімен (АҚШ) республикадағы алғашқы стратегиялық серіктестік орнатқан университеттердің бірі. Жоғары оқу орнында биотехнология, инклюзивті білім беру, IT салалары бойынша АУ-мен бірлескен 3 қос дипломдық және 11 бірлескен білім беру бағдарламасы бар. Медицина және бизнес бағытында тағы екі бағдарлама ашу туралы келісімге қол қойылды.

Биыл 30 шақты студент АҚШ-қа оқуға барса, келесі жылы осы түлектер екі дипломға ие болады. Қазіргі таңда Қозыбаев университеті үшін бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу маңызды.

Парламент депутаттары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен салынған 1200 орындық жаңа студенттік жатақхананы аралады. Олар Student residence hall Coworking орталығында ғалымдармен, профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесіп, жатақхананың жабдықталуымен танысты.

Бүгінде университетте 25 ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде Аризона университетімен бірлесіп, еліміз үшін маңызды бағыттар, атап айтқанда, фермерлерді жоғары сапалы отандық тұқымдармен қамтамасыз ету (бидай және күріш), сондай-ақ биологиялық түрлерді (Грейг қызғалдағы, Каспий итбалығы) және ұлттық құндылықтардың геномикасын сақтау бағыттары қарастырылған. 

Қозыбаев университетінің Кazakhmys корпорациясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да ұсынған ауқымды жобаларының бірі – күкіртті полимерлеу. Кері вулканизация әдісін қолдана отырып, күкіртті (мұнай және газ өндіруде аз қолданылатын жанама өнім) бағалы полимерлер, пластмассалар мен композиттер және жаңа тыңайтқыштар ретінде өңдеуге болады. Бұл инновациялық технологияны профессор Джефри Пьюн жетекшілігімен АУ американдық зерттеушілер тобы әзірледі. Қазақстанның мұнай-газ саласына жаңа инновациялық шешімдер әкелетін жобаға енді университет ғалымдары да қосылды.

Қозыбаев университеті Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлесіп, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы жануарларының геномдық селекциясы, суды тазарту және суару жобаларын жүзеге асырады. Осындай ғылыми ізденістердің барлығы СҚО ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен серіктестік аясында жүргізіледі. Олар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен су ресурстары саласындағы өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

Кездесу барысында университет Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз жоғары оқу орны екендігі және оған депутаттар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіні атап өтілді.