АТЫРАУДА И.М.ГУБКИН АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ФИЛИАЛЫ 100 БІЛІМ ГРАНТЫН ҰСЫНАДЫ

АТЫРАУДА И.М.ГУБКИН АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ФИЛИАЛЫ 100 БІЛІМ ГРАНТЫН ҰСЫНАДЫ

АТЫРАУДА И.М.ГУБКИН АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ФИЛИАЛЫ 100 БІЛІМ ГРАНТЫН ҰСЫНАДЫ

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында ашылған И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы 2025-2026 оқу жылына 100 тегін білім грантына талапкерлерді қабылдау науқанын бастады.

Мұнда «6В07208 – Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ құбырлары мен сақтау қоймаларын салу және пайдалану» (50 грант), «6В07207 – Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ технологиялары» (25 грант), «6В07209 – Мұнай-газ ісі. Кен орындарын геологиялық модельдеу» (25 грант) білім беру бағдарламалары бойынша құжаттар қабылданады.

Қабылдау барысы конкурстық негізде математика және орыс тілі пәндерінен жазбаша емтихан сұрақтары арқылы (әр пәннен кемінде 40 балл жинау қажет) Атырау қаласында өтеді.

Айта кетейік, білім грантының конкурсына қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификаты қажет емес. Сондай-ақ филиалда ақылы негізде білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Оқу ақысының мөлшері жетекші жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Мемлекеттік грант негізінде тегін оқу, Ресей мен Қазақстанның жоғары білікті профессорларының дәрістеріне қатысу, өндірістік компаниялармен тығыз байланыс орнату және И.М.Губкин атындағы университет дипломын иелену мүмкіндігін иеленгіңіз келсе, төмендегі байланыс ақпаратын ұсынамыз:

+7 775 391 83 94,

Атырау қ., Мұса Баймұханов көшесі, 45А.