Лу Бань шеберханасы: инженерлік білім берудің заманауи тәсілдері

Лу Бань шеберханасы: инженерлік білім берудің заманауи тәсілдері

Лу Бань шеберханасы: инженерлік білім берудің заманауи тәсілдері

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті инженерлік кадрларды даярлауда заманауи білім беру технологияларын және тәжірибеге бағытталған оқыту модельдерін белсенді түрде енгізіп келеді. Бұл бағыттағы жарқын мысал – университет базасында құрылған «Лу Бань» шеберханасының қызметі.

Шеберхана жаңа буындағы оқу-зертханалық жабдықтармен жабдықталған және машина жасау, автомобиль жасау мен техникалық қызмет көрсету салаларында мамандар даярлау үшін негізгі база. Ерекше назар «Көліктік машина жасаудағы смарт технологиялар мен жасанды интеллект» білім беру бағдарламасына аударылған. Бұл бағдарлама дуалды оқыту жүйесіне негізделген. Студенттер саланың жетекші кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді, соның ішінде: «Аллюр Авто» ЖШС (Қостанай қ.), «ElGarage автосалоны» ЖШС (Өскемен қ.).

Аталған кәсіпорындар базасында студенттер Zeekr, Lixiang, BYD, Tesla және басқа да заманауи электромобильдер мен гибридті көліктерге техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау бойынша тәжірибе жинақтайды.

Айта кету керек, «Лу Бань» шеберханасының базасында өндіріс мамандары да біліктілікті арттыру мақсатында микробіліктілік бағдарламалары бойынша оқудан өтеді. Бұл бағытта «Астана Моторс» ЖШС (Алматы қ.) компаниясымен ынтымақтастық орнатылған. Аталған білім беру бағдарламасы Қазақстанда бірегей бағдарлама және теориялық дайындықты нақты өндірістік үдерістерге студенттердің тікелей қатысуымен тиімді ұштастырады.

Сондай-ақ университетте «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бағыты бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама көлік логистикасы және жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер тәжірибеден ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, ірі логистикалық орталықтар, соның ішінде Globalink Logistics (Алматы қ.), DHL Global Forwarding (Астана қ.), Pony Express, «Транко Восток» ЖШС (Өскемен қ.), сондай-ақ өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары: «Казцинк», «Өскемен металлургия зауыты», Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ұйымдарында өте алады.

«Лу Бань» шеберханасының қызметі және іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту және цифрлық трансформация жағдайында еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып жатыр.