М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті АҚШ-тың Аризона университетімен бірлесіп қос дипломды бағдарламаларды табысты түрде жүзеге асырып келеді.
Аризона университетінің халықаралық бағдарламалар жөніндегі вице-президенті, доктор Дженни Ли қазақстандық және шетелдік талапкерлерді осы бағдарламаларға қатысуға шақырады:
«135 жылдан астам тарихы бар әлемдік деңгейдегі университет ретінде біз сапалы әрі беделді білім алуға жаһандық қолжетімділікті кеңейтуге ұмтыламыз. Қозыбаев университетімен серіктестігіміз – осы мақсатқа деген адалдығымыздың дәлелі», – деді ол.
Қазіргі уақытта Қозыбаев университеті Аризона университетімен бірлесіп «Biotechnology», «Educational Psychology», «Information Systems in Management» бағыттары бойынша қос дипломды бағдарламалар ұсынады. 2026 оқу жылынан бастап бұл тізімге «Business» және «Medicine» бағдарламалары қосылады.
Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Студенттер бір семестр бойы Аризона университетінде білім алуға мүмкіндік бар. Бағдарламаға мемлекеттік грант арқылы немесе ақылы негізде оқи алады. Төрт жыл ішінде түлектер Қазақстан мен АҚШ университеттерінің дипломдарын қатар алады.