17 маусым Торайғыров университетінде «Кадр қажеттілігінің өңірлік карталарын әзірлеу мен жүзеге асырудағы жұмыс берушінің рөлі. Павлодар облысы мен ERG мысалы» атты форум-презентация өтті. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық жоғары білімді дамыту орталығы, «Мамандығым – болашағым» жобасы және ERG компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Пленарлық сессиялар барысында «Мамандығым – болашағым» жобасының жетекшісі Олжас Сәкенов кадр қажеттілігінің өңірлік карталарын әзірлеу мен енгізу туралы, оның әдістемелік негіздері мен жобаның үйлестірушілік рөлі жайлы баяндады.
– Облыстың 338 мектебінен 20 мыңнан астам оқушы қатысқан кәсіби диагностика жүргізілді. Зерттеу облыс әкімдігі мен білім беру басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде оқушылардың агроөнеркәсіптік салаға қарағанда креативті индустрияларға көбірек қызығатыны белгілі болды, – деді ол.
Сонымен қатар іс-шараның тәжірибеге бағытталған екінші бөлімінде ERG компаниясының серіктес колледжінде және өндірістік оқу орталығында көшпелі сессия өтті. Онда бағдарламаның жүзеге асырылуы нақты көрсетілді.