ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – ӘРТҮРЛІ ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҒЫН НЫҒАЙТАТЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ АЛАҢЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – ӘРТҮРЛІ ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҒЫН НЫҒАЙТАТЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ АЛАҢЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – ӘРТҮРЛІ ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҒЫН НЫҒАЙТАТЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ АЛАҢЫ

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қолдауымен ұйымдастырылған Халықаралық жазғы мектеп түрлі ел жастарының достығы мен өзара түсіністіктің көпіріне айналды. 8-12 маусым аралығында университеттің тәжірибелік базасы – Бурабай курорттық аймағында білім беруді интернационалдандыру аясында «International Summer School SDG’s–ISS/2025» атты тұрақты даму мақсаттарына арналған білім беру жобасы сәтті жүзеге асырылды.

Жоба Ресей, Индонезия және Армениядан келген студенттер мен оқытушыларды бір арнаға тоғыстырды. Дәрістер, шеберлік сағаттары, воркшоптар, тренингтер мен креативті тапсырмалар – инклюзивті білім беру, цифрлық технологиялар, экологиялық ойлау, өнерді қарым-қатынас тілі ретінде пайдалану сынды қазіргі заманның өзекті тақырыптарын терең түсінуге мүмкіндік беретін тиімді құралға айналды.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті өз шығармашылық бағдарламасы арқылы өнердің адамзат баласын біріктіріп, шабыттандыра алатынын айқын көрсетті.

«Біз Тұрақты даму мақсаттары туралы көбірек біліп қана қоймай, жаңа достар таптық, ерекше ой-түсінік алдық және мәдениет, ғылым мен достықтың күші әлемнің әр түрлі құрлықтарын қалай біріктіре алатынын сезіндік. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне біздің есімізден кетпейтін жайлылық, қонақжайлылық, білім мен жүрек жылуын сыйлағаны үшін шексіз алғыс айтамыз», – деп бөлісті Индонезиядан келген қатысушылар.