Сенат эндаумент-фондтар туралы заң жобасын мақұлдады

Сенат эндаумент-фондтар туралы заң жобасын мақұлдады

Сенат эндаумент-фондтар туралы заң жобасын мақұлдады

2025 жылғы 12 маусымда ҚР Парламенті Сенатының Пленарлық отырысында «Мақсатты капитал және эндаумент-фондтар туралы» Заң қабылданды.

Аталған заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жолдауында және 2023 жылғы 12 сәуірде өткен Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесінің бірінші отырысында Үкіметке берген тапсырмаларын орындау аясында әзірленді.

Заңның мақсаты – ғылым мен инновациялық қызметті, білім беруді, денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғауды инвестициялық кірістер есебінен қолдауға бағытталған эндаумент-фондтарды (мақсатты капиталдарды) қалыптастыру үшін құқықтық негіз жасау.

Заңда эндаумент-фондтардың (мақсатты капиталдардың) қайырымдылық бағдарламалары нысанында қаржыландыру объектілерін тұрақты қолдау үшін қосымша қаражат тарту тетіктері, активтерді инвестициялық декларация мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялау тәртібі, инвестициялық кірістер есебінен қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ мақсатты капитал қоры қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, салымшылардың заңды мүдделерін қорғау мәселелері қарастырылған.

Сонымен бірге заңда эндаумент-фондтарды басқару мақсатында коммерциялық емес ұйым нысанында мақсатты капитал қорын құру, оның құрылтайшыларына қойылатын талаптар (соның ішінде мүлікке меншік құқығының болуы және оның ауыртпалықтан бос болуы), басқару құрылымы (ең жоғарғы орган ретінде Қамқоршылар кеңесі, атқарушы орган және ішкі аудит қызметі), сондай-ақ қорды құру, мемлекеттік тіркеу, қызмет ету және тарату тәртібі бекітілген.

Бұдан бөлек, заңда инвестициялық кірісті білім беру, ғылым мен инновациялық қызмет, бұқаралық спорт, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және халықты әлеуметтік қорғау салаларында пайдалануға бағытталған қайырымдылық бағдарламаларын қаржыландыру мақсаттары нақтыланған.

Заң қабылданған жағдайда күтілетін нәтижелердің бірі – эндаумент-фондтар есебінен әлеуметтік сала, ғылым, білім беру жүйесі мен олардың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал ететін тұрақты қаржы көздерінің қалыптасуы.

Заң эндаумент-фондтардың негізгі капиталын сақтай отырып, активтерді кәсіби қаржы нарығы қатысушыларының басқаруы есебінен алынған кірістер есебінен қайырымдылық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.