ЕО сарапшысының қатысуымен «Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында онлайн семинар өтті

ЕО сарапшысының қатысуымен «Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында онлайн семинар өтті

ЕО сарапшысының қатысуымен «Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында онлайн семинар өтті

9 маусымда Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетімен және Жоғары білімді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобымен бірлесіп, еліміздің ЖОО өкілдеріне арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша онлайн семинар ұйымдастырды.

Семинардың негізгі спикері – Австрияның Грац университетінің Бірлескен білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ульрике Краванья болды. Семинарға еліміздің 40-тан астам жоғары оқу орнынан 130-ға жуық өкіл қатысты. Олардың қатарында академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар, декандар, академиялық жұмыстар жөніндегі декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері болды.

Семинар барысында виртуалды алмасу мен бірлескен (онлайн) халықаралық оқыту, әріптестік бағдарламалар (twinning), академиялық ұтқырлық терезелері, біріктірілген (интенсивті) бағдарламалар, микробіліктіліктер, онлайн курстар мен МООК (Massive Open Online Courses) сынды ынтымақтастықтың түрлі үлгілері талқыланды. Топтық жұмыс кезінде қатысушылар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруда туындайтын өзекті мәселелер мен кедергілерді талқылап, мәселелерді шешудегі үздік тәжірибелермен бөлісті.

Ульрике Краванья семинар барысында ЕО стандарттарына сай бірлескен академиялық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға арналған егжей-тегжейлі нұсқаулық және Қазақстанда осындай бағдарламаларды одан әрі дамытуға қатысты маңызды ұсыныстар берді.