Arizona State University Қазақстанда жаңа университет ашуды жоспарлап отыр

Arizona State University Қазақстанда жаңа университет ашуды жоспарлап отыр

Arizona State University Қазақстанда жаңа университет ашуды жоспарлап отыр

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Cintana Education компаниясының жаһандық бастамалар жөніндегі вице-президенті Чагры Багчиоглумен кездесу өткізді. Cintana Education өкілінің бұл сапары жоғары білім беру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын, атап айтқанда, Қазақстанда Arizona State University (ASU) филиалын ашу мәселесін талқылауға бағытталды.

Кездесу барысында Саясат Нұрбек Қазақстанда Орталық Азия білім беру хабын құруға бағытталған жобалар мен шетелдік университеттердің филиалдарының маңызы жөнінде айтып өтті. Алдағы ынтымақтастықтың екі негізгі бағыты, атап айтқанда, қазақстандық жоғары оқу орындары мен ASU арасындағы бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу (қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша), сондай-ақ ASU-дың жаңа кампусын салу жөніндегі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру мәселелері айқындалды.

Кездесу аясында Q university Басқарма төрағасы Пралиев Болат Серікұлы Алматы қаласындағы ASU кампусының пайдалануға берілу жағдайы туралы баяндап, қаладағы солтүстік-шығыс аймақта іске асырылуы жоспарланып отырған ауқымды ғылыми-білім беру жобасы – «Science City» тұжырымдамасын таныстырды. Жоба аясында ғылыми-зерттеу орталықтары, білім беру мекемелері мен инновациялық әзірлемелерді енгізуге арналған инфрақұрылым қарастырылған.