Еуразия ұлттық университеті АҚШ-тың Сан-Диего қаласында 27-30 мамыр аралығында өткен «NAFSA 2025: Association of International Educators» беделді халықаралық білім көрмесіне қатысты. Жоғары білім саласындағы әлемдегі ең ірі конференция-көрмеде университетті халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Е.Көмекбаев, ғылыми жобалар бөлімінің басшысы А.Молдахметова, аймақтану кафедрасының меңгерушісі А.Оспанова таныстырды.
Көрме барысында ЕҰУ ғылыми жетістіктерін, білім беру бағдарламаларын, цифрландыру және халықаралық серіктестік саласындағы бастамаларын көрсетті. Делегат мүшелері кездесу барысында қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлық, сондай-ақ АҚШ, Еуропа және Азия университеттерінің өкілдерімен бірлескен ғылыми жобаларды талқылады. ЕҰУ өкілдері Сolumbia University (АҚШ), SKEMA Business School (АҚШ), IOWA State University of Science and Technology (АҚШ), California State University (АҚШ), San-Diego State university (АҚШ), Lousiana State University (АҚШ), Lehigh University (АҚШ), Boston University (АҚШ), Berkeley university of California (АҚШ), University of Western Australia (Аустралия), Clark University (АҚШ), National University of Technology (Перу), University of Dubrovnik (Хорватия), Kanagawa University (Жапония), University of Deusto (Испания), Korea University (Оңтүстік Корея), Biruni University (Түркия), University college Birgmingham (Ұлыбритания), AGH University of Science and Technology (Польша), Georgian technical university (Грузия), University of Macau (Қытай), т.б. университеттермен ынтымақтастық салаларын талқылады.
Қазақстандық делегация «NASA 2025»-ке қатысу халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектер ашатынын және ЕҰУ-дың жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануға ұмтылатын Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі жоғары мәртебесін дәлелдейтінін атап өтті. Сондай-ақ ЕҰУ жыл сайын Asia-Pacific Association for International Education (APAIE), European Association for International Education (EAIE), Eurasia Higher Education Summit (EURIE) сияқты халықаралық көрмелерге қатысады, олардың шеңберінде университет жаңа ынтымақтастық орнатып, білім беру және ғылыми жетістіктер деңгейін, сонымен қатар өзін халықаралық білім беру саласындағы жетекші халықаралық университеттердің бірі ретінде көрсетеді.