Спорттық білім берудегі жаңа деңгей: Академия Францияның Eklore-Ed университетімен бірлесіп EMBA бағдарламасын іске қосады

Жоғары білім беруді халықаралық деңгейде дамыту стратегиясы аясында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Францияның По қаласындағы Eklore-Ed Жоғары менеджмент мектебімен қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес екі жоғары оқу орын бірлесіп, қос диплом беретін «Спорт менеджменті» EMBA инновациялық бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама аяқталған соң білім алушылар Академия мен Eklore-Ed дипломдарын алады.

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева спорт индустриясы белсенді дамып келетін По қаласы Франциядағы спорт менеджментінің жетекші орталықтарының бірі екеніне тоқталды. Оның айтуынша, Академия базасында Академиялық және зерттеу шеберлігі орталығын құру үшін бағдарлама серіктесі ретінде спорт саласындағы халықаралық бизнесте, басқару кадрларын даярлауда мол тәжірибеге және индустриямен тығыз байланысқа ие Eklore-Ed университеті сол себепті таңдалды. Тұрсынзада Қуанғалиқызы бұл қадам білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, шетелдік тәжірибе алмасуға, тағылымдамалар ұйымдастыруға және Қазақстандағы спорт саласын дамытуға жол ашатынын атап өтті.