KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ KAUST VISITING STUDENT RESEARCHER PROGRAM БЕДЕЛДІ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ KAUST VISITING STUDENT RESEARCHER PROGRAM БЕДЕЛДІ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ KAUST VISITING STUDENT RESEARCHER PROGRAM БЕДЕЛДІ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Kozybayev University студенттері Әмір Ағзамов пен Даниил Герасимов King Abdullah University of Science and Technology (KAUST, Сауд Арабиясы) Visiting Student Researcher Program беделді бағдарламасының финалдық іріктеуінен сәтті өтіп, жеңімпаз атанды. Білім алушылар биыл агрогеномика саласындағы әлемдегі жетекші ғылыми орталықтардың бірі – KAUST компаниясында екі айлық тағылымдамадан өтеді.

Әмір мен Даниил профессор Джесси Полландтың зертханасында жұмыс істеп, Солтүстік Қазақстандағы тұрақты ауыл шаруашылығының маңызды бағыты саналатын бидайдың геномдық селекциясы саласында және бүкіл елдің азық-түлік қауіпсіздігі жайлы практикалық тәжірибе алады.

Әмір Ағзамов – СҚО-дағы University of Arizona микрокампусының амбассадоры, Сингапур мен Токиода тағылымдамадан өткен. Бүгінде Даниил Герасимовпен бірге жаһандық зерттеу күн тәртібіне интеграцияланатын Қазақстанның ғылыми жастарының жаңа буынына өкіл етеді. 

Мұндай мүмкіндіктер Kozybayev University, University of Arizona және KAUST Visiting Student Researcher Program арасындағы тұрақты ғылыми платформаның қалыптасуы мен жоғары деңгейде қолдау көрсетуінің арқасында мүмкін болды. Атап айтқанда, агрогеномика бойынша әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі профессор Род Винг ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге Қазақстанда аграрлық ғылымды дамыту перспективаларын талқылады, бұл осы бастамаларға қосымша серпін берді.