Сот жүйесіне білікті мамандарды тарту

Сот жүйесіне білікті мамандарды тарту

Сот жүйесіне білікті мамандарды тарту

Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаментінде «Елордаға жол» пилоттық жобасы аясында сот жүйесіндегі жоғары білікті мамандар санын арттыру және кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, университеттер мен колледждердің директорлары, орынбасарлары мен декандары қатысты.

Кездесу барысында СӘ Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Е.Жұмақсанов сот жүйесінің ерекшеліктері, соттардың құрылымдары, департамент жұмысының негізгі аспектілері, сот істерін жүргізуде жаңа технологиялардың қолданылуы мен мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпаратпен бөлісті.

Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Оспанов қызметтік жолды сот жүйесінен бастау бұл үлкен мүмкіндік және тәжірибе екенін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар департамент басшылығына ақпараттық іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды.