Сәтбаев университеті кәсіподақ қозғалысының жоғары білімді жаңғыртудағы рөлі туралы талқылады

Сәтбаев университеті кәсіподақ қозғалысының жоғары білімді жаңғыртудағы рөлі туралы талқылады

Сәтбаев университеті кәсіподақ қозғалысының жоғары білімді жаңғыртудағы рөлі туралы талқылады

Алматыда Сәтбаев университетінде Қазақстан жоғары оқу орындарының кәсіподақ ұйымдарының жетекшілеріне арналған семинар-кеңес өтті. Семинардың тақырыбы – «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруында кәсіподақтардың рөлі». Семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары мен кәсіподақ қозғалысының жетекшілері қатысты.

Семинар цифрлық трансформация жағдайындағы жоғары білім берудің болашағы мен кәсіподақтар әлеуметтік жауапты мемлекет құруға қалай көмектесе алатыны туралы диалогты ашты.

«Бүгінгі күні білім берудің адами капиталын сақтау ғана емес, оны қорғау – ең басты, әрі маңызды міндет болып тұр. Әрбір оқытушы, әрбір ғалым өзінің артында лайықты еңбекке және тұрақты болашаққа деген құқықтарын қорғай алатын күш бар екенін сезінуі керек, – деді Қазақстан халық ағарту, ғылым және жоғары білім беру саласының қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева. – Кәсіподақ формалды ұйым ғана емес. Бұл – нақты әсер ету механизмі. Сондықтан да біз оқыту семинарларын жүйелі түрде өткізіп, техникалық инспекторлар институтын университеттен бастап ұлттық платформаларға дейін барлық деңгейде дамытып, білім беру қызметкерлерінің мүдделерін қорғаймыз».

Спикерлер оқытушылар мен қызметкерлер және студенттер тап болатын қиындықтар туралы, сондай-ақ еңбекті заңды түрде реттеу, жұмыс уақытын, оқу жүктемесін, еңбекті қорғауды, кәсіподақ ұйымдарының қаржылық тұрақтылығымен ақпараттық ашықтығын құқықтық түрде реттеу мәселелерін талқылады. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Қазақстанда жоғары білім беруді трансформациялау тақырыбына арналған баяндамасында еңбекті қорғау, кәсіби тәуекелдерді азайту және жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін құқықтық реттеудің маңыздылығы зор екенін атап өтті.

Кәсіподақ өкілдері жергілікті жерлерде іске асырылып отырған өз тәжірибелерімен және бастамаларымен бөлісті. Сәтбаев университетінің кәсіподақ ұйымы әкімшілікпен серіктесе отырып, қызметкерлерге қандай нақты құралдардың қолдау көрсете алатынын көрсетті:

«Ұжымдық шарттың, икемді жұмыс кестесінің және SU Solutions цифрлық платформасының арқасында 2024 жылы бізде бірде-бір еңбек жанжалы тіркелген жоқ», – деді Сәтбаев университеті кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Марланұлы.

Семинар «Кайдзен» жүйесі бойынша өткен шеберлік сабағымен аяқталды, онда қатысушылар күнделікті кәсіподақ жұмысында тиімділікті арттыру әдістерін қолдануды үйренді. Қатысушылар сондай-ақ Әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерін зерттеу жөніндегі ғылыми оқу-әдістемелік орталығының жұмысымен де танысты.

Семинар көрсеткендей, бүгінгі таңда кәсіподақтар – әлеуметтік құқықтардың кепілі ғана емес, сонымен қатар еліміздің тұрақты дамуының негізгі элементі.