YESSENOV UNIVERSITY-ДЕ БАЛҚЫТЫЛҒАН БӨЛШЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

YESSENOV UNIVERSITY-ДЕ БАЛҚЫТЫЛҒАН БӨЛШЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

YESSENOV UNIVERSITY-ДЕ БАЛҚЫТЫЛҒАН БӨЛШЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Yessenov University-де жас ғалымдар мен магистранттардан құралған ғылыми-зерттеу тобы 2023-2025 жылдарға арналған «Балқытылатын бөлшектердің кернеулі-деформацияланған күйін зерттеу және беттік пластикалық деформация процестерінде олардың деформациясын азайту әдісін әзірлеу» атты ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр.

Аталған жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруымен жүргізіледі. Бұл бастама университеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес өңірлік өнеркәсіптік мәселелерді, оның ішінде бөлшектердің жұмыс тиімділігін арттыру үшін олардың деформациясын азайту жолдарын шешуге бағытталған. Жоба «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС-пен жасалған меморандум аясында жүзеге асырылып отыр.

Жобаның ғылыми жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор Гүлмира Булекбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта отандық машина жасаудың негізгі міндеті – өнімнің сенімділігі мен беріктігін арттыру. Бұл бағытта ғылымға негізделген прогрессивті технологияларды енгізу арқылы өндірістік тиімділікті арттыру және ресурстарды үнемдеу өзекті.

Зерттеу жұмысының қазіргі кезеңінде флюс қабатының астында доғалық балқыту әдісін қолданып, дөңгелек жұптарын қалпына келтіру технологиясы ғылыми-эксперименттік негізде тексерілді. Сандық есептеулер Mathcad бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып, ақырлы айырмашылықтар әдісі қолданылды. Эксперимент барысында металлографиялық талдау мен микроқаттылықты өлшеу әдістері пайдаланылды. Алынған нәтижелер материалдардың жоғары температура жағдайындағы күй теңдеулерін анықтауға мүмкіндік берді.

«Жобаның осы кезеңінде флюс қабатының астында электр доғалық балқыту әдісін қолдану арқылы жылжымалы құрамның доңғалақ жұптарын қалпына келтіру технологиясы ғылыми-эксперименттік тұрғыдан негізделді. Жоба аясында балқытылған материалдың кернеулерге әсері қарастырылып, деформацияны төмендетудің тиімді әдістерін анықтау мақсатында Mathcad бағдарламасы арқылы сандық есептеулер жүргізілді. Сонымен қатар дифференциалдық теңдеулерді шешуде ақырлы айырмашылықтар әдісі қолданылды. Эксперименттік бөлімде металлографиялық талдау мен микроқаттылықты өлшеу әдістері пайдаланылды. Алынған нәтижелер жоғары температура жағдайындағы материалдардың күй теңдеулерін және кернеу мен деформация арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік берді. Жобаның мақсатына сәйкес технологиялық процестің параметрлерін оңтайландыру және өндірістік тиімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады», – деді Гүлмира Булекбаева.

Ғылыми жұмысқа 7M07109 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттар мен жас ғалымдар белсенді түрде тартылған. Жобаның аралық нәтижелері ғылыми мақалалар ретінде жарияланып жатыр.