Меню
Страницы

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті.

ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістерді қалыптастырудағы рөлін жан-жақты зерделеу үшін жетекші отандық және шетелдік ғалымдарды, сарапшыларды және халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктірді.

Салтанатты рәсім барысында ЮНЕСКО Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы Элунду Ассомо Лазар сөз сөйлеп, Алтын Орданың мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықтың бірегей кеңістігі ретіндегі тарихи маңызын атап өтті.

«Алтын Орда осы құндылықтардың маңызды көрінісі болып отыр. Ол Еуразияның кең ауқымды тарихын бейнелей отырып, даланың қозғалыс, алмасу және өзара байланыстардың серпінді орталығы болғанын көрсетеді. Ол ерекше көптүрлілікке ие саяси әрі мәдени кеңістік болды, онда бірнеше дін, тіл, өнер түрлері мен технологиялар тоғысып, бір-біріне өзара ықпал етті. Ол бүгінгі күні де мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің сенімді тарихи үлгісі болып қала береді», – деді ол.

Форумға қатысушылар тарихты зерттеу тек өткенді еске сақтау ғана емес, сонымен қатар қазіргі үдерістерді тереңірек түсінуге және орнықты болашақ қалыптастыруға бағытталатынын атап өтті. Сенімсіздіктің артуы мен бөлінуші үрдістердің күшеюімен байланысты жаһандық сын-қатерлер жағдайында Алтын Орда мен Жібек жолының тарихы мәдениеттер өзара ықпалдастық, алмасу және ашықтық арқылы нығая түсетінінің айқын мысалы ретінде қарастырылады.

«Бұл симпозиум ЮНЕСКО-ның негізгі мандатымен тікелей үйлеседі. ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» бағдарламасы отыз жылдан астам уақыт бойы Жібек жолы тек сауда бағыттарының желісі ғана емес, мәдени өзара әрекеттесу мен алмасудың нағыз кеңістігі болғанын көрсетіп келеді. Оның маңызды тораптарының қатарында қазіргі Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің аумақтары болғаны ерекше атап өтіледі», – деді Элунду Лазар.

Халықаралық симпозиумның өткізілуі ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, пәнаралық зерттеулерді дамытуға және Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты