Меню
Страницы

RES 2026 Өңірлік экологиялық саммит

RES 2026 Өңірлік экологиялық саммит

ҒЖБМ Орталық Азияның климаттық шешімдерін қалыптастыруда ғылым мен инновациялардың рөлі бойынша стратегиялық сессия өткізеді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Өңірлік экологиялық саммит аясында «Аймақтық климаттық шешімдерді қалыптастыруда академиялық және ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыбында сессия өткізеді.

Сессия Орталық Азияның тұрақты дамуын және климаттық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ғылымның, инновациялардың және оның ішінде жасанды интеллект сияқты алдыңғы қатардағы технологиялардың рөлін талқылау үшін маңызды орын болады.

Жаһандық климаттық сын-қатерлердің күшеюі, технологиялық бәсекелестіктің өсуі, «жасыл» және цифрлық экономикаға өту кезеңінде жүйелік трансформациялардың қозғаушы күші, болжау құралы және стратегиялық шешімдерді қабылдау негізі ретінде ғылым жаңа маңызға ие болады. 

Сессия аясында:

✔ жасанды интеллект пен үлкен деректерді климаттық модельдеу және табиғи ресурстарды басқаруда қолдануға;

✔ климаттық және экологиялық технологияларды дамытуға (climate tech, clean tech);

✔ аймақтық инновациялық экожүйелер мен ғылыми платформаларды қалыптастыруға;

✔ ғылым, бизнес және мемлекеттің интеграциясы шешімдерін жылдам енгізуді жеделдетуге;

✔ адам капиталын дамыту және жаңа буын мамандарын даярлауға ерекше назар аударылады.

Ғылыми қауымдастықтың дамудың ұзақ мерзімді сценарийлерін қалыптастырудағы және аймақтардың климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттырудағы рөлін талқылау жеке бағыт болады, оның ішінде су қауіпсіздігі, экожүйелердің деградациясы және трансшекаралық ресурстарды басқару мәселелері де қарастырылады.

Іс-шараға халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ғылыми орталықтар мен университеттердің өкілдері қатысады, оның ішінде COMSTECH, ХҒТО, Қазақстан және Орталық Азия университеттері мен Еуропалық зерттеу институттары бар.

Сессия ғылыми ынтымақтастықтың жаңа форматтарын қалыптастыруға, инновациялық жобаларды дамытуға және ғылымды, технологияларды және саясатты интеграциялауға бағытталған бастамаларды іске қосуға, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік климаттық орталығын құруға арналған серпіліс болады деп күтілуде.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты