Меню
Страницы

АСТАНАДА V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНДАУМЕНТТЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ: «ЭНДАУМЕНТТЕР ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ: БОЛАШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ»

АСТАНАДА V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНДАУМЕНТТЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ: «ЭНДАУМЕНТТЕР ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ: БОЛАШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ»

📅 2025 жылғы 2 қазанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында білім мен ғылым саласында мақсатты капиталдардың дамуын талқылаудың маңызды алаңына айналған бесінші Эндаументтер форумы өтеді.

🔹ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 маусымда «Мақсатты капиталдар мен эндаумент-қорлар (мақсатты капиталдар) туралы» Заңға қол қойды. Аталған заң білім мен ғылымды қаржыландырудың тұрақты көздерін қалыптастыруға, ашықтық пен сенімді нығайтуға, сондай-ақ ұзақмерзімді академиялық қызметке инвестициялар тартуға құқықтық негіз жасайды. Осы тұрғыда форумның өткізілуі елімізде эндаумент институтын дамытудағы айрықша маңызды қадам болмақ. Форумға бизнес өкілдері, академиялық қауымдастық, шетелдік және отандық эндаументтер, университеттер мен мемлекеттік органдар қатысады.

Бағдарламада: шеберлік сыныптары, пікірталас алаңдары, әлемдік және қазақстандық табысты тәжірибелердің таныстырылымдары, сондай-ақ жаңа бастамалар мен жобаларды талқылау қарастырылған.

⏰: Іс-шара 2025 жылғы 2 қазанда сағат 10:00-де өтеді.
📍Өтетін орны: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Бас ғимараты (Астана қ., Сәтпаев көшесі, 2).

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты