
2025 жылғы 21 маусым сағат 14.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі 17, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, 5-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-29 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді d.ordabaeva@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.