1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.
Қазақстан және шетелдік деңгейде түрлі салада білім алған: Маршаллтаун колледжін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша, Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2004), La Sapienza (Италия) университетін геополитика магистрі дәрежесінде, «Көкше» академиясын психология бакалавры бойынша тәмамдады.
АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Еңбек өтілін студенттік кезден бастаған. АҚШ-та тағылымдамадан өту кезінде Конгресстің Орталық сайлау штабында, сондай-ақ президенттік кампанияда жұмыс істеді.