Болат Нұрланұлы Кеңесов Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Болат Нұрланұлы Кеңесов Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып Болат Нұрланұлы Кеңесов тағайындалды. Болат Кеңесов осыған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Физика-химиялық әдістерді зеттеу және талдау орталығының директоры ретінде жұыс атқарды.
Кеңесов Б. Н. ҚазҰУ түлегі (2003) болып табылады.

Ол 2007 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, 2012 жылы қауымдастырылған профессор (доцент), ал 2017 жылы профессор ғылыми атағы берілді.

Болат Нұрланұлы Wageningen University (Нидерланды), Iowa State University (АҚШ), University of Barcelona (Испания) және Gdansk University of Technology (Польша) университеттерінде тағылымдамадан өткен.

диссертация 100 – ден астам ғылыми жұмыстың авторы болып табылады, оның ішінде беделді халықаралық ғылыми журналдарда 26 мақала, олардың 13-і бірінші квартилдегі аса күшті журналдарда. Оның Хирш индексі 11 (Web of Science) және 13 (Scopus). Б. Н. Кеңесов жетекшілігімен 1 кандидаттық және 5 PhD  диссертация қорғалды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаты бар (2019) және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2014). ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) белсенді мүшесі болып табылады.