ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2020 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптары «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған http://adilet.zan.kz (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 49 бұйрығы).

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай мен карантин енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 1-30 сәуірі аралығында электрондық форматта іске асырылады.

Қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген жұмыстар карантин аяқталған күннен бастап 2020 жылдың 1 маусымына дейін авторлардың өздерінен немесе сенім білдірген тұлғаларынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясында мынадай мекен-жай бойынша қабылданады:               Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 1049 бөлме, жабық тақырыптар бойынша 924 бөлмеде.

Аңықтама телефоны: 8(7172) 74-16-59, 74-20-93, 74-24-84,                8(747)348-68-89. Электрондық поштаның мекенжайы premiaalfarabi20@gmail.com.