Қазақстандық ғылыми ұйымдар үшін 2020 арналған халықаралық деректер базасына Ұлттық жазылымды қамтамасыз ету туралы

Қазақстандық ғылыми ұйымдар үшін 2020 арналған халықаралық деректер базасына Ұлттық жазылымды қамтамасыз ету туралы

Қазақстандық ғылыми және білім беру ұйымдарының халықаралық деректер базасына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылға Ұлттық жазылу шеңберінде толық мәтінді және реферативтік деректер базасын сатып алу үшін халықаралық деректер базасын таңдау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.

 

Толық мәтінді және реферативтік деректер базаларын сатып алу үшін халықаралық деректер базасын таңдау жөніндегі комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша мынадай қызметтерді жеткізушілер іріктелді:

- Web of Science (Clarivate Analytics компаниясы) және Scopus (Elsevier компаниясы);

- ScienceDirect толық мәтінді деректер қоры (Elsevier компаниясы).

 

Комиссия Springer және EBSCO компаниялары ұсынған ұсыныстар мен құжаттар пакеті техникалық ерекшеліктің талаптарына толық көлемде сәйкес келмейді деп белгіледі.

 

Туындаған сұрақтарды түсіндіру бойынша кеңесті келесі телефондар арқылы алуға болады: 8(7172)74-24-83.