2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

2022-2024 жылдарға арналған  ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша  бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– Энергетика және машина жасау;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар  бойынша 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитеті сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған. Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29, қаржылық сұрақтар бойынша  тел. 8 (7172) 74-27-64. Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 13 шілде.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 13 тамыз (қоса алғанда).

 

 

Конкурстық құжаттама