Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстың қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Ғылым комитетіне бағынысты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша  конкурстың қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты 5 шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар: «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты», «Математика және математикалық модельдеу институты», «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты», «Жану проблемалары институты», «Алтай ботаникалық бағы» басшыларының бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрықтарымен:

  1. «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК-ны бас директорының міндетін атқарушы Кабыл Жапарұлы Жамбакин;
  2. «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» ШЖҚ РМК-ны бас директорының міндетін атқарушы Махмуд Абдысаметұлы Садыбеков;
  3. «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК-ны бас директорының міндетін атқарушы Камалидин Орынбайұлы Шарипов;
  4. «Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына химия ғылымдарының кандидаты, аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жалпы және органикалық емес химия кафедрасының профессоры Рашид Казимұлы Надиров;
  5. «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына «Геоботаника» мамандығы бойынша PhD докторы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК-ны Жоғары сатыдағы өсімдіктердің флорасы зертханасының аға ғылыми қызметкері Айдар Айтказыұлы Сумбембаев тағайындалды.