Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті                                 «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті                                 «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты»  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті                                 «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Кәсіпорынның мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Тимирязев к-сі, 45).

 

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

 

-           өсімдіктердің биологиясы мен биотехнологиясы саласында ғылыми зерттеулер және эксперименттік әзірлемелер, жобалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

-           дәстүрлі және биотехнологиялық әдістерді ұштастыру негізінде тағамдық, азықтық, емдік, сәндік және техникалық өсімдіктердің өнімділігі жоғары және стресске төзімді жаңа формалары мен сорттарын жасап шығару;

-           өсімдіктердің биотехнологиясы, ауылшаруашылығы дақылдары сорттарының тұқым шаруашылығы салаларында ғылымды көп қажет ететін өндірістерді ұйымдастыру және құру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

2)       мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ғылым туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу. Мемлекеттік тілді білгені жөн.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

 

1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;

3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян;

4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелері;

5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының  2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) бекітілген № 075/у нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiм қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік   15 күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті.

Анықтама телефоны:

8(7172) 74-19-05.

Электронды пошта: ul.auelbekova@edu.gov.kz