Ғылыми техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындаушылар

Ғылыми техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындаушылар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын 2025 жылға дейін орындау жөніндегі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Жол картасын іске асыру шеңберінде 114-тармақта «Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары зертханаларының жабдықтарын жаңарту (ҒЗТКЖ іске асыратын мемлекеттік жоғары оқу орындарының, ҒЗИ-дың жаңартылған ғылыми жабдықтарының үлесі)» көзделгенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейінгі мерзімде жаңартылған ғылыми жабдықтар бойынша ақпаратты 1 және 2 қосымшаға сәйкес толтырып, ресми түрде a.eszhanova@edu.gov.kz -  электрондық  поштасына жолдауларыңызды сұрайды.

Қосымша

Барлық сұрақтар бойынша Есжанова Айгерімге 74-21-70 нөміріне хабарласуға болады.