2021 жылға арналған қазақстандық ғылыми журналдарға қолдау көрсету үшін ұлттық жазылымды ресімдеу мақсатында ғылыми журналдарға кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйесін таңдау бойынша конкурс

2021 жылға арналған қазақстандық ғылыми журналдарға қолдау көрсету үшін ұлттық жазылымды ресімдеу мақсатында ғылыми журналдарға кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйесін таңдау бойынша конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті                     2021 жылға арналған қазақстандық ғылыми журналдарға қолдау көрсету үшін ұлттық жазылымды ресімдеу мақсатында ғылыми журналдарға кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйесін таңдау бойынша конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін ғылыми журналдарға кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйелері ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында орналасқан ғылыми журналдарға кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйесін іріктеу бойынша Техникалық ерекшелікке сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ, әр бөлім бойынша  қызметтер құнын көрсете отырып, коммерциялық ұсыныстарды жолдау қажет. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді келесі байланыс нөмірлері арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-83, 8702-414-68-02. .

Конкурстық құжатты түсіндіру бойынша кеңестер үшін жауапты конкурс операторының өкілі -  Нуркенова Динара Қайриденқызы.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 30 сәуір мен 2021 жылғы                          6 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағ.18.00-ге дейін жүргізіледі.

Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрлерінде) орыс және/немесе қазақ тілдерінде : b.shamekenov@edu.gov.kz (көшірмесін: d.nurkenova@edu.gov.kz)  электронды мекен-жайына қағаз және электронды тасымалдаушылары (дискі/ USB флешк-сақтау құрылғысында) түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Нұр-Сұлтан қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Осы хабарлама қоғамдық оферта болып табылмайды.