2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша аралық есептерді қабылдау туралы хабарландыру

2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша аралық есептерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша аралық есептерді қабылдау туралы хабарлайды.

«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының (өзг. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығы) қағидасына сәйкес есептерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.

         ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 40-тармағына сәйкес орындаушылар уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептерді ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

         Бұл ретте, Келісім-шарттың 5.2-тармағына сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы бюджет кірісіне әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның тиісті ағымдағы сомасынан 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуыңызды сұраймыз.

         Орындаушылар есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:

  • Есептерді тапсырғанға дейін Орындаушылар ҚР «Ғылым туралы» Заңының 20-бабына сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ның nauka.kz сайтында орналастырылған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы сауалнаманы толтыруы қажет (мемлекеттік тіркеуге ұсынар алдында);
  • Есептер ЖМСТ (ГОСТ) 32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген). Есептер ұйымның іліспе хатымен қабылданады;
  • Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі;
  • Есептің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі көлемі (қосымшаларды есепке алмағанда):

- гранттық қаржыландыру бойынша – 40 беттен артық емес;

- есептің көрсетілген беттерінің көлемін есептеу «Кіріспе» бөлімінен бастап «Қорытынды» бөліміне дейін жүргізіледі.

 

  • Жоба шеңберінде мақалалар жарияланған халықаралық журналдар үшін Web of Science базасындағы квартиль және/немесе Scopus базасындағы процентиль жарияланым жылы үшін немесе есепті тапсыру сәтіндегі соңғылары көрсетілуге тиіс;
  • 2020-2022 жылдарға арналған Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері;

Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.

Қосымша