Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті іске асырылу мерзімі 12 айлық (2020 және 2021 жылдар) гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша қорытынды есептерді және 2021-2022 және 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық–нысаналы қаржыландыру шеңберінде аралық есептерді қабылдайтынын хабарлайды.
«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының қағидасына сәйкес есептерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 40-тармағына сәйкес, гранттық қаржыландыру шеңберінде (іске асырылу мерзімі 12 ай жобалар бойынша) орындаушылар уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындаушылар уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептерді ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.
Бұл ретте, Келісім-шарттың 5.2-тармағына сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы бюджет кірісіне әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасынан 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуыңызды сұраймыз.
Орындаушылар есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:
- гранттық қаржыландыру бойынша – 40 беттен артық емес;
-бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша – 60 беттен артық болмауы тиіс;
- есептің көрсетілген беттерінің көлемін есептеу «Кіріспе» бөлімінен бастап «Қорытынды» бөліміне дейін жүргізіледі.
Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.