МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ: АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ЕР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ БІЛДІРІЛДІ

МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ: АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ЕР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ БІЛДІРІЛДІ
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні – ел тарихындағы маңызыды мерекелер. Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінің нәзік жанды қызметкерлері мекемеде еңбек етіп жүрген ер әріптестерін қос мерекемен арнайы құттықтады.
Мерекелік шара аясында мемлекеттік қызметте абыроймен еңбек етіп жүрген ер азаматтарға жылы лебіздер айтылып, елге қызмет етудегі табандылықтары мен жауапкершіліктері жоғары бағаланды. Отанға адал қызмет ету жолындағы еңбектеріне сәттілік пен табыс тіледі. Іс-шара соңында ер азаматтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай құттықтаулар ұжымішілік ауызбіршілікті арттырып, мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеруге сеп болары сөзсіз. Қызметтестер арасындағы өзара сыйластық пен құрмет – сапалы мемлекеттік басқарудың негізі.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі