Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында бірқатар өзекті мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Алғаш болып, Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Асқар Дайрабай аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен 109 байланыс нөмеріне түскен өтініштер бойынша ақпарат берді. Ол тұрғындардан келіп түскен өтініштердің мазмұны мен оларды шешу жолдарына тоқталды.
Келесі кезекте ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Досжан марокколық шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, зиянкеспен күрес жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Сондай-ақ, мәжілісте шіркейге қарсы күрес шаралары да талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асылбек Қанағат мәлімдеді. Ол халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, көтерілген мәселелер бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі