Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров азаматтардың жеке мәселелерін тыңдау мақсатында кезекті қабылдауын өткізді. Қоғаммен тығыз байланыс орнатуға бағытталған бұл кездесуге алдын ала жазылған 4 тұрғын қатысты.
Қабылдау барысында азаматтар негізінен әлеуметтік қолдау, жол жөндеу, инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық қызметтерге байланысты бірқатар мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш әкімнің жеке бақылауына алынып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Мақсат Таңғатаров өз сөзінде тұрғындардың талап-тілектерін назардан тыс қалдырмай, ашық диалог форматында жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. «Әрбір азаматтың мәселесін дер кезінде шешу — басты міндетіміз. Бұл бағытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жалғасатын болады», — деді аудан басшысы.
Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.
Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметі