АУДАН АУМАҒЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АУДАН АУМАҒЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Үшқайық ауылдық округтерінің аумағында шіркейлерге қарсы ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау және аумақтағы санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында қолға алынған.
Дезинфекция жұмыстары жергілікті әкімдік пен эпидемиологиялық қызметтің ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Жұмыс барысында арнайы химиялық заттар мен құралдар қолданылып, ауылдың барлық аумағы мен тұрғын үй алаптары толықтай өңделуде.
Бұл шаралар жаз айларында шіркейлердің көптеп таралуын болдырмауға көмектеседі. Аудан әкімдігі дезинфекция жұмыстарының кезекті кезеңдерін жоспарлап отыр. Алдағы уақытта Шорнақ, Қарашық, Оранғай, Жібек жолы ауылдық округтерінің сыртқы аумақтарына профилактикалық шаралар жалғасын табатын болады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі