Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бекзат Абубакиров аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда Әдеп кодексінің жаңа талаптарын кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында уәкіл әрбір мемлекеттік қызметші халықпен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы қажет екенін атап өтті. Ол қызмет барысында дөрекілікке, әдепсіздікке, ар-намысты қорлауға және орынсыз мінез-құлық көрсетуге жол берілмеуі тиіс екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің өз әрекеттері арқылы сын тудырмауға, қызметтік әдебін сақтауға және іскерлік этикет талаптарын орындауға міндетті екені айтылды.
Жиын соңында қатысушылар әдеп нормаларына қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты. Әдеп кодексінің талаптарын білу және оларды күнделікті қызметте сақтау – әрбір мемлекеттік қызметші үшін маңызды міндет екені тағы бір мәрте атап өтілді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі