Сауран ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Сауран ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров кезекті жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындардың түрлі әлеуметтік, инфрақұрылымдық және жеке мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында жалпы алты азамат өтініш білдірді.
Келіп түскен сұрақтардың ішінде жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі, ауыл көшелерінің инфрақұрылымы, спорттық шараларға қолдау көрсету, мектептің жабылуына байланысты жұмысқа орналасу, сондай-ақ су шаруашылығына қатысты сұрақтар көтерілді.
Әрбір өтініш мұқият қаралып, тиісті бөлімдер мен мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді. Бірқатар мәселелер бойынша заң талаптары түсіндіріліп, кейбір өтініштер алдағы уақытта қарастырылатын болды.
Қабылдау барысында аудан әкімі:
«Әрбір азаматтың мәселесі – біз үшін маңызды. Мұндай кездесулер бізге жергілікті жерде туындап отырған нақты проблемаларды анықтап, оларды шешудің жолдарын бірлесе қарастыруға мүмкіндік береді. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар жауапты бөлімдердің тұрақты бақылауында болады», – деп атап өтті.
Аудан тұрғындарымен осындай ашық форматтағы қабылдаулар аптаның әр жұма күні сағат 11:00-13:00 аралығында өткізеді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі