Сауран ауданының прокуроры тағайындалды

Сауран ауданының прокуроры тағайындалды
Түркістан облысы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Келдібеков Саян Шаймұратұлы Сауран ауданы әкімдігінде кездесу өткізіп, ауданның жаңа прокуроры Асылбеков Алмаз Әбдінұрұлының тағайындалғанын жариялады. Жиынға Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ аумақтық мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы жаңа прокурордың кәсіби біліктілігі мен тәжірибесіне тоқталып, оның ауданның құқық қорғау саласында жаңа жетістіктерге жетуіне үлкен үміт артылатынын атап өтті.
Алмаз Әбдінұрұлының қызметке келуімен Сауран ауданының құқықтық тәртібі мен заңдылықты сақтау мәселелеріне жаңа серпін беріледі деп күтілуде. Аудан әкімдігі мен басқа да жергілікті мекемелер жаңа прокурормен бірлесе жұмыс істей отырып, қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі