КЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 Сауран ауданы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы болып өтті.
 Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
 Комиссияның күн тәртібіне сәйкес, пробация есебінде тұратын тұлғалар туралы Сауран аудандық пробация қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абылай Тілеулиев, пробация есебінде тұратын тұлғалардың балалары бойынша білім бөлімінің бас маманы Мейіржан Әділбеков, пробация есебінде тұратын тұлғалардың жұмыспен қамтылуы, мемлекеттік гранттар, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыс орындарының квоталары, жұмыс орындары, несиелер мен бизнес жобаларға оқыту туралы «Мансап» орталығының директоры Азамат Әуез, есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайы бойынша Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тайыр Абдаев, олардың денсаулықтары туралы емехананың басшысының орынбасары Әсел Өтегенова баяндама жасады.
 Комиссия отырысының күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылады.
 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі