САУРАНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

САУРАНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
 Бүгін аудан орталығы Шорнақ елді мекеніндегі Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде Түркістан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «ӘЙЕЛ.ҚОҒАМ.БИЗНЕС» тақырыбында форум өтті. Жиынды Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева ашып, жүргізіп отырды.
 Форумға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Инара Намазбаева, іскер әйелдер қауымдастығынан бірқатар делегация өкілдері мен ауданға қарасты ауылдық округтерден келген әйел азаматшалар қатысты. Форумның басты мақсаты – іскер әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру әрі әртүрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым жұмыскер әйелдерді дәріптеуге арналды.
«Қазіргі таңда, қыз-келіншектер тек отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның барлық саласында еңбек етіп келеді. Жандарының нәзіктігіне қарамай, ер-азаматтармен қатар елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйел-аналарымызда жетерлік. Бүгінгі әйел бейнесі - іскер, басшы, қызметкер сынды лауазыммен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Бүгінде ақ жаулықты аналардың да жетістікке жетіп, табысқа кенелуіне, сондай-ақ биік белесттерді бағындыруға білімі мен біліктілігі жеткілікті. Демек әйелдердің қазіргі қоғамда атқарар рөлі орасан деуге толық негіз бар. Ендеше, бүгінгі іскер әйелдердің ауданымыздағы алғашқы форумының берері көп болсын! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», - деді аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы.
 Сонымен қатар, жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Насиба Атаева, жеке кәсіпкер «Айару» Бренд AIKA FOOD басшысы Айгерім Номанова, Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының СММ маманы Ақмарал Ғаниқызы, Сауран ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дильноза Умарова, дәріхана жұмысын дамытып келе жатқан Ұлданай Бердіқұлова, «Sem Brend» жиһах дүкенінің бас есепшісі Шахиста Джалилова өздеріңнің ой-пікірлерін ортаға салды.
 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
и ещё 2
 
 
Все реакции:
Marina Manap, Қуаныш Тасыбаев и ещё 29