САУРАНДА 1000 ТҮП ЖЕМІС АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

САУРАНДА 1000 ТҮП ЖЕМІС АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
 Бүгін аудан орталығы Шорнақ елді мекенінде қасиетті Рамазан айында Түркістан облыстық мәлихатының депутаты Баймахан Сүлейменовтің бастамасымен «Тал егу – игі іс» акциясы аясында игілікті ісшара болып өтті.
 Шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихаттың депутаттары Баймахан Сүлейменов, Сүлеймен Арыстанов, Жанар Темірбекова, Инара Намазбаева, Еркебұлан Хандиллаев «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық мәслихат депутаты Арсылан Раматуллаев, зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар, жастар қатысты.
 Шорнақ мешітінің 3,5 гектар аумағына 1000 түп жеміс ағашы отырғызылды. Бұйыртса алдағы уақытта бұл жер үлкен саябаққа айналғалы отыр. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. Жыл сайын жаңадан ағаш отырғызу жұмыстары көктем мезгілінде басталып, оны ауыл тұрғындары болып жалғастыратын жақсы дәстүрге айналғандай.
 Ауданды таза, әдемі, жасыл желекке оранып тұруы, әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Ауданның шырайын келтіріп, көшелердің көркін реттеу мен тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды. Ауданымыздың осылай көрейіп жатқанын көріп ауыл тұрғындары ыстық ықыластарын білдіруде.
 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі